Ережесіз жекпе-жек - ер мен елдің атын шығаратын спорттың бір түрі -

      АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ережесіз жекпе-жек деген кезде көп адам үрке қарайды.
None
None


Бұл ақиқаттан алшақ жатыр. Дене мен рух қуатын ұштастыра  алса кез-келген спорт түрі сияқты ережесіз жекпе-жек те   ер мен елдің атын шығарып, мерейін үстем ете алады. Оны ережесіз жекпе-жектен екі бірдей Әлем чемпионын дайындаған бапкер Сағатбек Мұсаханов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Біздің  ұлан-байтақ жерімізді ата-бабалармыз білектің күші,  найзаның ұшымен, туған  елге деген зор   сүйіспеншіліктің  арқасында сақтап қалды.   Сондықтан  бүгінгі ұрпақ та Отанды жан-тәнімен сүйіп, жерімізде тұрып жатқан барлық халықты және оның мәдениетін сыйлауы қажет. Сонда ғана жоғары деңгейдегі мықты мемлекет бола аламыз деп ойлаймын", дейді Қазақстанның бокс пен ережесіз жекпе-жектен  еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов. Ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпиондары атанған ағайынды Ардақ пей Бейбіт Назаровтарды баптаған тәлімгердің айтуынша, спортта басты мәселе  жеңу не  жеңілуде емес, адамның өз ерік-жігеріне иелік ете алуында.   Жалпы спортта  мейлі ол жаңа бастаған әуесқой немесе  кәсіпқой спортшы болсын  өзінің әр кездесуіне өте жоғарғы деңгейде дайындық жасауы керек.        

"Мынаны ұтып алам деп өркөкіректеніп шықсаң ертеңгі күні ұтылып қалуың мүмкін. Қарсыласты  сыйлау керек. Оның өзін ғана емес  елінің тарихын да зерттеп білу арқылы  әр кездесу сайын мәдени танымды да кеңейтіп отыру қажет. Клубымда қазір 20 шақты бала бар. Әзірше кәсіпқой рингте оның  төрт-бесеуі ғана өнер көрсетіп  жүр. Олардың арасынан  алдағы уақытта енді   Қазыбек Әшімовтен Әлем чемпионын шығаруға үміт артып  жүрмін", дейді Сағатбек Мұсаханов. Алматы облысының Райымбек ауданында  өмірге келген 20 жастағы бұл спортшы бұған дейін 11 кездесу өткізіп оның бәрінде мерейі үстем шықты. Қазақ мемлекеттік жол қатынастары университетінің 2-ші курсында оқитын Қазыбек соңғы жекпе-жегін тамыздың 7-сі күні Алматыда өткен  халықаралық турнирде ресейлік Сергей Яковлевпен өткізді. Қарсыласы жауынгерлік самбодан спорт шебері атанған Ресейдің 3 дүркін чемпионы және  панкратионнан Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері болған  тәжірибелі спортшы болатын. Алайда өз бапкерінің ақыл-кеңесін жадына мықтап сіңірген Қ. Әшімов айқын басымдықпен ұтты.

Соңғы жаңалықтар