ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕК: Қытайда қандасымыз марапаттау кезінде анасын шақырып, көрермендерді толқытты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлты қазақ қытайлық спортшы, жанкүйерлерге "Арлан" лақап атымен кеңінен танымал Ғабит Тұрханбек ережесіз жекпе-жектегі жеңісінен кейінгі марапаттау рәсімінде анасына рахмет айтып, рингке шақырды.

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕК: Қытайда  қандасымыз  марапаттау кезінде анасын шақырып, көрермендерді толқытты

Жүрегі елжіреген анасы ұлын құшағына алды. Осы сәт көрермендердің көңілін толқытып жіберді.

Желіде пайда болған осы видеодан интернет пайдаланушыларды анасы мен баласының бақытты сәтті бөліскен кезі бей-жай қалдырмағанын байқауға болады.