Еріген қар суының салдарынан 3 облыста жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – 24 наурыз күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
- Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 232 арнайы техника мен 463 маман жұмылдырылды, - деп жазды ҚазАвтоЖолдан.
Айта кетейік, Қостанай облысында жолдарды тасқыннан қорғау үшін су толтырылатын бөгеттер орнатылды.