Еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM —  ҚазАвтоЖол еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылғанын мәлімдеді.

Жол жабылды
Фото: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Батыс Қазақстан филиалы

Дерекке қарағанда, 21 наурыз күні сағат 8:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

- «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымдарының аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

- «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9 шақырымы.

- Барлық учаскелерде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 142 маман жұмылдырылды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Сілеті өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.