Еріктілер Абай облысындағы өрт сөндірушілерге көмектесіп жатыр

Өрт сөндіру бригадаларына қолдау көрсету үшін еріктілер ауылдық округтерден ыстық тамақ дайындап, әкеліп жатыр.
«Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен бүгінде 1000 литр таза ауыз су, 200 кг қой еті, 200 кг жарма, 5 қорап консерві, 1000 нан өнімі, 50 кг пияз және басқа да қажетті өнімдер қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар 4 тонна ауыз су берді.


Ыстық тамақты үздіксіз жеткізу үшін 80-ге жуық ерікті көмекке келген. Семей қаласының тұрғындары бұл жағдайдан тыс қалмады.
Еске салайық, бүгін Семей орманындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған 14 маманмен байланыс үзілген болатын. Кейін 3 қызметкердің қаза тапқаны анықталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеп, көз жұмған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
«Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын.
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.
