Еріктілер орман және дала аумақтарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ережелерін халықтың есіне салды

СЕМЕЙ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Лина  Славина/ - БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму   бағдарламасы   мен   Германияның   Экология,    табиғат  ресурстарын қорғау және  ядролық қауіпсіздік  жөніндегі федералды министрлігі (BMU)  Алтай-Саян    экологиялық  өңірінің  қазақстандық бөлігінің биологиялық  көптүрлілігін    сақтауға  және тұрақты  пайдалануға бағытталған   жобаны қаржыландыруда.  
None
None

Жоба   Шығыс Қазақстан облысының   айрықша қорғалатын  аумақтарының  желісін кеңейтуге   де бағытталып  отыр,  деп  хабарлайды    Семейдегі   «Исток» («Бастау»)  қоғамдық бірлестігінің  баспасөз қызметінен.

Жоба  аясында  «Исток»   еріктілері    Шығыс Қазақстанның  Қатонқарағай   мемлекеттік   ұлттық   табиғи  саябағы  мен  Марқакөл     қорықтарында     халықтың арасында сауалнама  жүргізді  және    орманды,  далалы аймақтарда  өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  шараларын  түсіндіру  жөніндегі      акциялар өткізді.

«Ормандар  мен даладағы   өрттер     тек биологиялық  түрлерді азайтып қана қоймайды,   сонымен бірге    жердегі климаттың өзгеруіне  себеп болады», - дейді  «Исток»  қоғамдық   бірлестігінің   жетекшісі  Людмила Михайлова.

Соңғы жаңалықтар