Еркебұлан Канафин Сурдлимпиаданың чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы финалдық белдесуде мажар дзюдошысы Патрик Отвошты жеңді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Еркебұлан Канафин - Сурдлимпиаданың чемпионы
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жапонияда өтіп жатқан Сурдлимпиадада Ұлттық Құрама спортшысы Еркебұлан Канафин (81 кг) финалдық белдесуде мажар дзюдошысы Патрик Отвошты сенімді түрде жеңіп, Сурдлимпиаданың чемпионы атанды.

— Қазақстандық спортшы жарыс бойы қарсыластарына мүмкіндік бермей, шешуші кездесуде де басымдықты толық өз жағында ұстай алды, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар