Еркін қоғам баспасөздің еркіндігінен басталады - Қазақстан Республикасындағы Құрама штаттар елшісінің кеңесшісі

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Біз АҚШ-та еркін қоғамның баспасөз еркіндігінен басталатынына сенеміз. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-да өткізілген қазақстандық мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері мен БАҚ жетекшілеріне арналған семинар барысында Құрама штаттардың Қазақстан Республикасындағы елшісінің баспасөз, мәдениет және білім мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джефри Секстон мәлімдеді.
None
None

«Біз АҚШ-та еркін қоғамның баспасөз еркіндігінен басталатынына сенеміз, біз өзімізді еркін әлемнің азаматтары ретінде сезіне алуымыз үшін олардың бізге ақпарат таратуы үшін біз баспасөзге арқа сүйейміз. Біз сонымен қатар, БАҚ арқылы жариялылық қағидасын ұстанатын және біз қойған сұрақтарға тез жауап бере алатын шенеуніктерге де арқа сүйейміз», - деп атап өтті АҚШ өкілі.

Соңғы жаңалықтар