«Еркін пирамидадан» жастар арасындағы ел чемпионатының үздік сегіздігіне енген бильярдшылар белгілі болды

АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен 1994 жылға дейінгі жастар арасында ХІ Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлерінің есімі белгілі болады.
None
None

Кеше жалауын көтерген бәсекеге Алматы, Ақтөбе, Байқоңыр, Есік, Қызылорда, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Талғар, Тараз, Теміртау, Семей және Шымкент қалаларынан барлығы 32 спортшы қатысқан болатын. Онда алматылық Абылайхан Қаранеев пен  Еламан Атаев, байқоңырлық Темірлан Кушеров, өскемендік Диас Оспанғалиев, павлодарлық Азамат Әубәкіров, тараздық Руслан Құрамшин, теміртаулық Медет Тұяқов пен шымкенттік Арман Оразалы үздік сегіздіктің қатарына енді. Бүгін енді Медет пен Абылайхан, Темірлан мен Арман, Азамат пен Еламан, Руслан мен Диас жүлделі орындарға таласатын болады.

Чемпионаттың ең жас қатысушысы саналатын 10 жастағы алматылық Нұрлыбек Жүнісбек 24-орын алды. Ол алғашқы ойында семейлік Тәлімжан Тоқтасыновқа (0:3) есе жіберді. 26-32 аралығындағы орындар үшін болған сында алматылық Жамбыл Нұрланды дәл осындай есеппен ұтқанымен,  17-24 аралығындағы орын үшін өткен сайыста, келесі бір жерлесі  Темірлан Ахметсападан жеңіліс тапты.

Соңғы жаңалықтар