07:19, 26 Қазан 2016 | GMT +6
Еркін тақырыпқа жазылған әңгімелер байқауы жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рахымжан Отарбаевтың мәдениет қоры» еркін тақырыпта жазылған әңгімелерге конкурс жариялайды, деп жазады massaget.kz.
Шығарманың көлеміне, автордың жасына шектеу қойылмайды. Бір ғана шарты - әңгіме бұрын баспасөз бетінде, сайтта жарияланбаған болуы тиіс. Жүлде алған ең үздік шығармалар «Әдебиет порталына» жарияланып, оқырмандардың талқылауына түседі.
Бас жүлде - 500 мың теңге;
1-орын - 250 мың теңге;
2-орын - 100 мың теңге;
3-орын - 75 мың теңге;
Ынталандыру сыйлығы (үшеу) - 50 мың теңгеден.
Конкурсқа жолданған шығармалар 20 қарашаға дейін қабылданады.
Бәйге алған шығармалар жеке жинақ болып шығады.
Әңгімелер мына электронды поштаға жариялануы керек: [email protected].
Қорытынды 27 қараша күні шығады.
Байланыс телефоны: 8 (7122) 32 41 77, 8 778 111 97 18, Атырау қаласы.