Еркін Тюмелиев Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментін басқарады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бұдан былай Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментін Еркін Тюмелиев басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша агенттік төрағасының бұйрығымен Тюмелиев Еркін Амангелдіұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, Еркін Түймелиев бұған дейін Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарған.


Соңғы жаңалықтар