13:50, 01 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарын аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM – Еркін Ғаббасов 10 метрге пневматикалық мылтықпен пара нысана көздеуден (R3: екі шынтаққа тірекпен отырып ату) сынға түсіп, 624.3 ұпаймен 35-орынға тұрақтады.

Финалға өту үшін үздік сегіздікке кіру қажет. Бұған дейін Еркін 10 метрге пневматикалық мылтықпен пара нысана көздеу бойынша (R1: шынтақты тіремей ату) күміс медаль жеңіп алған болатын. Бұл – Қазақстан құрамасының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі.
Осылайша Еркін Паралимпиада ойындарында өз өнерін аяқтайды.
Бұған дейін пара таеквондошылар Нышан Өмірәлі мен Нұрлан Домбаевтың Паралимпия ойындарының ширек финалына шыққанын, сондай-ақ Гүлбахыт Қайыржанованың Паралимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтағанын жазған болатынбыз.