19:05, 04 Тамыз 2025 | GMT +5
Еркін күрес: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында командалық есепте 3-орын алды
АСТАНА. KAZINFORM – Грекия астанасында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты амәресіне жетті.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандастарымыз халықаралық жарысты 3 қола медальмен аяқтады.
Үшінші орыннан көрінген балуандар: Данаэль Әбдіқасым (51 келіге дейін), Бекасыл Асамбек (60 келіге дейін) және Дінмұхамед Қасымбек (80 келіге дейін).
Командалық есепте Қазақстан үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды АҚШ құрамасы жеңіп алды. Иран екінші орынмен шектелді.
Бұған дейін Грекия астанасы Афины қаласында өтіп жатқан еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дінмұхаммед Қасымбек (80 келі) қола жүлдеге қол жеткізгенін жазған едік.