Ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінгендер Индонезиядан Атырауға жеткізілді
АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысы Жангелдин ауылында ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сарсемалиев пен оның бұрынғы жұбайы, марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева бүгін Атырау қаласына жеткізілді.
Олар Алматы-Атырау бағытымен ұшып келген.
Күдіктілер ақпан айының соңында Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған еді.
Еске салсақ, Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңына белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.
6 қаңтарда Атырау облысы аумағынан жоғалған отбасының екі мүшесінің — отағасы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі сарайдан табылды.
Кейін олардың денелерінде пышақ іздері бары белгілі болды.
9 қаңтарда Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев екені ресми түрде анықталды.
Сондай-ақ жоғалған отбасы туралы тың деректерді әлеуметтік желі арқылы таратқан хакерге халықаралық іздеу жарияланды.
Ақпан айының басында күдіктің 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды.
Қанды қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке сол үйдің қызы да ілінді.
Кейін екі күдіктінің шетелде қалай ұсталғаны жөнінде видео жарияланды.