Ерлан Әлімбаев БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды

Сондай-ақ Ерлан Әлімбаев Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Ерлан Әлімбаев 1975 жылы 6 қаңтарда Қызылорда облысында туған.
1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 2017 жылы Женева дипломатия және халықаралық қатынастар институтын аяқтаған.
1997-2000 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті, атташесі, үшінші хатшысы;
2000-2004 жж. - ҚР-дың Үндістан Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы;
2004-2006 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің кеңесшісі, бөлім бастығы, басқарма бастығы;
2006-2008 жж. - Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі;
2008-2010 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаменті директорының орынбасары;
2010-2018 жж. - Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі;
2018-2019 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі;
2019-2021 жж. - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2021 жылы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.