Ерлан Қарин: Аудан, қала әкімдерін сайлау — Орталық Азиядағы алғашқы осындай саяси тәжірибе

Қазақстанда тұңғыш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау — Орталық Азия аймағындағы алғашқы осындай саяси тәжірибе. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Телеграмдағы арнасында жазды. 

ерлан қарин
Фото: Ақорда

"Қазақстанда тұңғыш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланды. Өздеріңізге мәлім, ауыл әкімдерін сайлау 2 жылдан бері өткізіліп келеді (содан бері 1700-ге жуық әкім сайланды).

Аудан әкімдерінің сайлауы қоғамда зор қызығушылық туғызды. 45 әкім лауазымына 125 үміткер таласты. Олардың қатарында түрлі саланың өкілдері – экономистер, заңгерлер, оқытушылар, инженерлер, ауыл шаруашылығы және басқа да сала мамандары болды. 7 саяси партияның бәрі аудан әкімдерінің сайлауында өз үміткерлерін ұсынды. 1 497 сайлау учаскесінде кандидаттар сенім білдірген тұлғалар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 8500-ге жуық адам байқау жүргізді", - деді Мемлекеттік кеңесші. 

Сондай-ақ, Ерлан Қарин аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау - Орталық Азия аймағындағы алғашқы осындай саяси тәжірибе екенін атап өтті.
Және де, осылайша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары өңірдегі саяси жаңғырту ісінің жаңа бағдарын айқындап жатқанын айтты. 

Соңғы жаңалықтар