Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына жаңа директорды таныстырды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына Мемлекет басшысының өкімімен институттың директоры қызметіне тағайындалған Жандос Шаймардановты таныстырды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Сондай-ақ Ерлан Қарин Институттың бұрынғы директоры Еркін Тұқымовқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
— Мемлекеттік кеңесші институт басшысына талдау материалдарын сапалы әзірлеуге, зерттеу әдістемесін жетілдіруге, жаңа бағыттардағы жұмысты жандандыруға және талдаумен айналысатын басқа да құрылымдармен өзара іс-қимылды күшейтуге қатысты маңызды міндеттер жүктеді, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Шаймарданов Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалған еді.