Ерлан Қарин: Президент ұсынған жер туралы заң бір ғана мәселеге арналған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Презизент жерді шетелдіктерге сату тыйым салатын заңды ұсынса, Жер комиссиясы не үшін жиналып жүр? Қоғам арасында жиі қойылып жүрген осы сұраққа Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин «Хабар-24» арнасында «Сұхбат» бағдарламасыда жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Президенттің бастамасымен дайындалған жер туралы заң жобасында тек қана бір норма қарастырылады. Яғни жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге тыйым салу, болды. Ал Жер комиссясында жерді пайдалануға қатысты өзге де мәселелер талқыланып, пысықталады. Неге? Себебі жер мәселесіне қатысты қоғам ішінде бірнеше мәселе осыған дейін талқыланып келген болатын. Жерді сатпау жөнінде, қазақстандықтарға жерді жеке меншікке сатуға бола ма, жалға беруге деген сияқты. Алайда дәл осы мәселелердің ішінде жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салу бойынша қоғамда да, билікте де ұстанымның бір екендігін ескере отырып, Президент Ұлттық кеңестің 25 ақпандағы V отырысында мәлімдеме жасап, осы мәселесі бойынша түрлі дауға, пікірталастарға нүкте қою қажеттігі жөнінде өз тарапынан біржола шешім қабылдап, өзінің Президенттік заң бастамасы тұрғысынан Президент әкімшілігіне арнайы заңды дайындау туралы тапсырма берді», - деді Президент кеңесшісі.

Ол, сондай-ақ, Президент 12 наурызда өзінің арнайы жолдауымен Парламентке жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салу бойынша заң жобасын жібергенін еске салды. Соған сәйкес жұмыс тобы құрылып, бірнеше талқылау өтіп, комитеттің бірнеше отырысы ұйымдастырылған.

«Өткен аптада бірінші оқылым өтті, бүгін міне екінші оқылымы өтіп, Мәжілістен енді заң жобасы Сенатқа түседі. Сөйтіп қазақстандықтардың арасында соңғы жылдары өте көп талқыланған жерді шетелдіктерге сатуға байланысты түрлі дау-дамай, әңгімелерге осымен нүкте қойылып, тыйылады деп сенеміз», - деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, Жер комиссиясы жерге қатысты осы заң жобасында қозғалған мәселеден басқа көптеген сұрақтарға жауап табуы тиіс.

«Ал жер комиссиясы осы жер мәселесіне қатысты қазақстандықтарға жер сату, жер кадастры және т.б. жер қатынастарына байланысты туындап отырған басқа да мәселелерді талқылап, асықпай жан-жақты қарап, сарапшылармен бірге пысықтап өздері бір шешімге келуі керек. Президенттің заң жобасы тек қана шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салу мәселесі бойынша болатын», - деді Мемлекет басшысының кеңесшісі сұхбат барысында.


Соңғы жаңалықтар