Ерлан Қарин: Ұлттық кеңестің бесінші отырысы ақпанда өтеді

«Президент тарапынан бастамалар көтерілді. Ендігі жұмыс бізде - сарапшыларда, әр саладағы мамандарда. Бұл бастамаларды жан-жақты зерттеп, оны шынайы әрі нақты мазмұнмен толықтыруымыз керек», - деді Ерлан Қарин елордада өтіп жатқан «Президенттік жаңа саяси реформалар пакеті» атты дөңгелек үстелде.
Оның айтуынша Президенттің бұл мәлімдемесі - реформалардың үшінші пакеті деп аталғанымен, аталмыш бастамалар шегіне таяп қалды дегенді білдірмейді.
«Талқылау жалғасады. Талқылау орталығы - бүгінгі таңда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі. Соның отырыстарында нақты ұсыныстар пысықталады. Қазіргі уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына дайындық жүргізілуде. Ол ақпан айында өтеді. Бесінші отырыста жаңа бастамалар жарияланады», - деді ол.