Ерлан Қошанов Женевада өтетін Парламентаралық одақ Ассамблеясының мәжілісіне қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Парламентінің делегациясын бастап Женеваға барды. Онда қазақстандық делегация Парламентаралық одақ Ассамблеясының кезекті 148-ші мәжілісіне қатысады, деп хабарлайды ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Ерлан Кошанов
Фото: Жасұлан Жұмабеков

Ресми сапар аясында сондай-ақ қазақстандық делегация Швейцария Конфедерациясына барады. Онда Мәжіліс төрағасының Швейцария Конфедерациясы Федералды жиыны Ұлттық кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Бернде Швейцария Конфедерациясы Сыртқы істер министрі, федералды кеңесші Иньяцио Кассиспен кездесуі жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар