Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«27 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі «Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы полиция қызметі үшін құқықтық алаң қалыптастырған, ішкі істер органдарының міндеттері мен қызметтерін айқындаған бірінші акті болды. Ішкі істер органдары өзінің қалыптасу жолындағы ауыртпалыққа толы жолды еңсере отырып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрестегі бірқатар күрделі мәселелерді шеше алды. Жылдан жылға полицияның жаңа сұлбасы қалыптасып келеді. Біз жаңа стандарттарға бой түзей отырып, ішкі істер органдарын ұйымдастыруды сапалы жаңа деңгейге біртіндеп көтеріп келеміз», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Осы күні Ішкі істер министрінің бұйрығымен ішкі істер органдарының бірқатар қызметкері «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ қызметін адал атқарып, парызын мінсіз орындаған полиция қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен мерзімінен бұрын атақтар берілді.

Соңғы жаңалықтар