Ерлан Янабаев Ұлытау облыстық цифрлық технологиялар басқармасына басшы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлытау облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Ерлан Янабаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ерлан Жұмаұлы 1989 жылы 20 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде бастаған.

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологтар» АҚ талдаушысы, Көліктік бақылау инспекциясының жетекші маманы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің сарапшы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен.


Соңғы жаңалықтар