09:05, 17 Тамыз 2022 | GMT +5
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.