Ерлан Ыдырысов Пан Ги Мунға бүгінгі мәлімдемесі үшін алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 тамызда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Бали аралында (Индонезия) өтіп жатқан VI Өркениеттер Альянсы (ӨА) Жаһандық Форумының жұмысына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
None
None

Форум жұмысына Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойоно, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова, 100-ден аса мемлекеттен делегаттар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған Е. Ыдырысов Қазақстан Альянстың мақсаттарын толықтай қолдайтынын айтып, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының Съезін өткізу туралы бастамасын дәйекті түрде жүзеге асыру арқылы Қазақстан халықаралық деңгейде өзара түсіністіктің нығая түсуіне қомақты үлес қосып отырғанын жеткізді.

«ҚР СІМ басшысы БҰҰ шешімімен «Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық іс-қимыл күні» 29 тамызда осымен бесінші жыл қатарынан күллі әлемде аталып отырғандығына ерекше тоқталып, БҰҰ Бас хатшысына осы мәселеге қатысты бүгінгі арнайы мәлімдемесі үшін алғыс айтты», делінген хабарламада.

Е. Ыдырысов өз сөзінде әлемдегі ахуал шиеленісіп, әскери әлеуеттің күшейтілген кезеңі қайта еніп отырғанын және ескі даулар ушыға түскенін айтты.

«Халықаралық құқық қауқарсыз, «Өзімбілдім» қағидасы үстемдік құрып тұр. Мәселені шешпей, керісінше күрделендіретін қақтығыстардың құны қымбат болып отыр», - деді Е.Ыдырысов.

Форум аясында Е.Ыдырысов Ангола, Малайзия, Мьянма, Нидерланды, Перу, Танзания, Түркия, Чили және тағы да басқа мемлекеттердің делегация басшыларымен кездесті.

Мұнымен қатар, Қазастан Е.Ыдырысов Король Абдулазиз атындағы діндер және мәдениеттер арасындағы Халықаралық орталықтың Бас хатшысы Фейсал Муаммармен және БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының директоры Жозе Грациано да Сильвамен жүздесті.

Соңғы жаңалықтар