Ерлер мен әйелдердің нақты тең құқылы болуы тұтастай ел өмірін өзгертеді - Е.Тарасенко (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шешімдер қабылдау деңгейінде саяси өмірге әйелдер мен ерлердің тең және теңгерімді қатысуын қамтамасыз ету шараларын талқылаған дөңгелек үстел өтті.
None
None

Кездесу ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Парламенті Мәжілісінің және «БҰҰ-әйелдер» Орталық Азиядағы құрылымы көпсалалы бөлімшесінің бастамасымен өткізілді.

Отырысқа сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Спикерлердің айтуынша, әйелдер бұрынғыша заңнамалық органдарда, соның ішінде саяси партиялардағы басшылық қызметтерде, сондай-ақ атқарушы билік органдарында (орталық және жергілікті органдар деңгейінде) азшылықты құрайды. Елдің бұл саладағы халықаралық міндеттемелерді орындауға күш-жігер жұмсап отырғанына қарамастан, дипломатиялық қызметте де осындай жағдай қалыптасып отыр.

Мәселен, ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2013 жылы әйел-депутаттар Сенатта 6,4% орынды ғана, Мәжілісте 26,2% орынды иеленген. Мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санының 56,2%-ын әйелдер құрап отырғанымен, олардың жоғары деңгейдегі қызметтердегі үлесі 11%-дан да аз.

Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Елена Траасенконың айтуынша, әйелдерді билікке көтеру қоғамның тұрақты, адамгершіл, орнықты дамуының құралы ретінде қаралуы тиіс, өйткені ерлер мен әйелдердің нақты тең құқылығы мемлекеттік саясаттың және тұтастай алғанда ел өмірінің басымдықтарын өзгертеді.

Дөңгелек үстелде сөз алған Стокгольм университетінің профессоры Ленита Фриденвал квота енгізу мәселелерін талқылау жөнінде бастама көтерді. Қолданыстағы халықаралық стандарттар мен үздік практикаға сүйене отырып, ол әйелдердің елдің экономикалық дамуы мен саяси өміріне теңгерімді қатысуы арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті.

Мысалға, қазақстандық сайлау жүйесімен ұқсас Сербия квота жүйесін табысты енгізді, соның нәтижесінде ел парламентіндегі әйелдер үлесі 5%-дан 33%-ға дейін артты.

«Қазақстан Үкіметінде әйелдер санын ұлғайту ісінде елеуклі ілгерілеушілік болғанына қарамастан, бұл көрсеткішті жақсартып, нығайта түсу үшін заңнамалық шаралар қажет. 2050 жылы Қазақстан әлемнің барынша дамыған 50 елінің қатарына қосылуға ұмтылып отырғандықтан, ол тиісті заңнамаға әйелдер үшін міндетті квота енгізу жолымен заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді қарастыруы тиіс», - деді «БҰҰ-әйелдер» Орталық Азиядағы құрылымының көпсалалы бөлімінің басшысы Илейн Конкевич.

Әйелдердің елдің саяси өсіріне қатысуы тақырыбы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған БҰҰ-ның орнықты даму жөніндегі саммитінің күн тәртібі қабылданғаннан кейін талқыланып отырғанын атап өткен жөн.

Орнықты даму саласындағы қабылданған 17 мақсаттың бірі гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту болды.

Осы жылғы 27 қыркүйекте саммит аясында 80-ге тарта елдің мемлекет және үкімет басшылары 2030 жылға қарай әйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюға міндеттемелер алды және олардың елдерінде жуық арада болатын өзгерістерге қол жеткізетін нақты іс-қимылдар туралы мәлімдеді. Бұл кездесуге біздің елімізден Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова қатысты.

Соңғы жаңалықтар