11:25, 22 Қаңтар 2011 | GMT +5
Ерлердің ұлттық лига командалары арасындағы ел біріншілігінде Оралдың «Конденсаты» бесінші орында келеді
ОРАЛ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ерлердің ұлттық лига командалары арасындағы ел біріншілігінде Оралдың «Конденсаты» бесінші орында келеді.

Петропавл қаласында өткен екінші турдан кейін «Алматы» командасы 20 ұпаймен жекедара көш бастаса, хромтаулық «ТНК Қазхром» 17 ұпаймен екінші, Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» 16 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Төртінші орындағы Петропавлдың «Есілі» мен «Конденсаттың» ұпайлары бірдей (13). Сондықтан оралдықтардың плей-офф бәсекелеріне қатысу үшін алғашқы төрттікке ілігуге мүмкіндіктері бар.
Ұлттық лига командалары арасындағы үшінші тур Алматы қаласында 11-16 ақпанда өтеді.