Ерлерге кеңес: 8 наурызға сыйлық таңдау (ФОТО)

Смартфон жабдықтары
Қыздарда қызыл түсті iPhone немесе басқа да бір құндылау смартфон бұрыннан бар болуы мүмкін. Оның соңғы үлгісін сатып әперу әрине қымбатқа соғады. Сондықтан бағасы тартымды әрі кез келген адамның көңіліне жағатын сыйлықтың бірі - селфи таяқшасы. Өйткені тарихи ғимараттың алдында немесе бір топ достарыңмен бірге суретке түсуге бұл қажет құрал. Оны таңдауда суретке түсіретін батырмасы барына басымдылық берілуі тиіс. Өйткені, автопортретке түскен сайын таймерді қойып отыру ыңғайсыздық тудырады.
Оған қоса кететін дүниенің бірі портативті Power Bank қуаттандырғышы. Кейінгі шыққан смартфондардың басты кемшілігі - қуаттың тез таусылуы. Осы дүниені сыйласаңыз сүйіктіңмен байланыс үзілмейді деген сөз, оның телефонының қуаты таусылып байланыс аясынан тыс қалмайды.
Саз тыңдауға қажетті жабдықтар
Ән тыңдауды ұнататын қыз-келіншектерге шағын әрі жеңіл құлаққап беруге болады. Бұл үшін сапалы бренд құлаққап таңдауға, бағасын қымбатсынсаңыз пішімі, түрі ұқсайтын балама әрі бағасы төмен түрін алуға да болады.
MP3-плеерлер қазір аса танымал емес. Дейтұрғанмен осы сегментте де сыйлыққа жарайтындары аз емес. Олар шағын әрі саз тыңдаушыларға таптырмайтын гаджет. Ең қымбаты әрине Apple-ға тиесілі. Алайда қытайлар да осы шағын құрылғының неше түрлісін жасап тастаған.
Ноутбуктің сөмкесі
Қазір әркімнің жеке ноутбугі бар. Сондықтан оған қосымша - әдемі әрі айрықша сөмке қажет. Қазір өнім жасаушылар нарықты сөмкенің қызылды-жасылды пішінде әртүрлісін жасап толтырып тастаған. Оларды таңдағанда сөмкені иыққа іліп алатын қосымша бауы барына зер салу керек.
Сосын кез келген ноутбукке керек дүние - сымсыз тінтуір. Бұл құрылғының көп түрлерінің техникалық тұрғысынан бір бірінен аса айырмашылығы жоқ. Сондықтан оны жасаушылар сыртқы әсемдігі мен пішіміне баса мән береді. Ал сырты қызыл әрі көркем суреті бары - сыйлық үшін таптырмас дүние.
Ас үйді естен шығармалық
Кез келген қыз-келіншек тұрмыстық немесе ас үй техникасына қызыға қарайды. Сондықтан жоғары технологиялық аспап болмаса да қарапайым әрі пайдалы ас әзірлейтін жабдықтың орны ерекше.
Егер баспанаңыз қаладағы шағын пәтерде болса онда ас пісіретін үлкен тоқ пешке орын жоқ деген сөз. Сондықтан шағын көлемді ростер (шағын пеш) әйел адамға әдемі сыйлық болар еді. Олар бірнеше қыздыру бөлшектерімен жабдықталған, әрі гриль режімінде де ет қақтай алады.
Үй шаруасына әмбебап көмекші ол - мульти пісіргіш. Ол сұйық асты қайнатады, картопты қуырады, бәлішті пісіреді. Уақытты үнемдейтін, түрлі тамақты әзірлей алатын ыңғайлы құрылғы.
Егер үйде мульти пісіргіш бар болса онда нақты бір мәзірге лайықты аспапты іздеу керек. Айталық бала кезде жеген вафельдің дәмі ұмытылмайды. Ал вафель әзірлейтін қалыпқа аса бір көп функциялы түрінің қажеті жоқ.
Қазіргі кездегі осындай қалыптар температура реттегішпен жабдықталады, күймейтін сырмен боялған. Қажет десеңіз іші қуыс, жүрекше, конус тәрізді түрлеріне арналғандары да болады.
Ас үйге қажетті, әрқашан ескеріле бермейтін жабдықтың бірі - таразы. Оның механикалық немесе электронды түрлері бар. Олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар. Электронды түрі грамның жүзден бір бөлігіне шейін тура көрсетеді, әрі абақтың салмағын алып тастай алады. Сонымен қатар, оларда тағамның энергетикалық қуатын, холестерин құрамын есептеп беретін түрлері де кездеседі. Былайша алғанда дастархандағы шағын әрі қажетті компьютер.
Әрине көктем мерекесінің басты нышаны - гүл. Кейбір азаматтар гүлді өздері таңдайды. Алайда қандай гүл сыйлау керектігін жете білмейтін болсаңыз, ең дұрысы гүл сатушының көмегіне жүгінген ең дұрысы. Олар гүлдерді таңдап, гүл шоғын жаспа берумен қатар, оған қосымша не сыйлауға болатынына кеңес береді.