Эрлинг Холанд Норвегия құрамасының сапында тарихи нәтижеге қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Эрлинг Холанд XXI ғасырда әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде пента-трик (бір матчта 5 гол) салған алғашқы ойыншы болды.

Championat.com басылымының хабарлауынша, бұған дейін 1977 жылы аустриялық ойыншы Ханс Кранкл Мальта қақпасына 5 гол салып, пента-трик жасаған.
Осы ірі жеңістен кейін Норвегия 15 ұпаймен I тобында көш бастады. Одан кейінгі орындарда Италия (9 ұпай), Израиль (9), Эстония (3) және Молдова (0) құрамалары тұр.
Норвегия футболшылары келесі ойынын 11 қазан күні Израильге қарсы өткізеді. Ойын Ослодағы «Уллевол» стадионында өтеді.
Холанд Норвегия құрамасында 2019 жылдан бері ойнап жүр. Ол осы уақытқа дейін 45 кездесуге қатысып, 48 гол соққан.
Еске сала кетейік, Марокко мен Тунис футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.