Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып сайланды
АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайланды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлім етті.

Облыс басшысы облыстағы футбол қозғалысын жандандыруға және «Шахтер» ФК-ын Премьер-лигаға қайтаруға көмектесетін міндеттерді алға қойды.
Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Ол үшін Теміртау, Балқаш және Саран стадиондарының базасында «Шахтер» ФК филиалдары ашылады. Бұл футбол клубына өз спортшыларын тәрбиелеуге және әлеуеті жоғары ойыншыларды клуб академиясына іріктеуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайланды. Облыс басшысы облыстағы футбол қозғалысын жандандыруға және «Шахтер» ФК-ын Премьер-лигаға қайтаруға көмектесетін міндеттерді алға қойды.
Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Ол үшін Теміртау, Балқаш және Саран стадиондарының базасында «Шахтер» ФК филиалдары ашылады. Бұл футбол клубына өз спортшыларын тәрбиелеуге және әлеуеті жоғары ойыншыларды клуб академиясына іріктеуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында турнирлер, сондай-ақ шахтер мен металлург күндері сияқты өңір үшін маңызды мерекелерге орайластырылған матчтар ұйымдастырылады. Бұл да жас дарынды футболшыларды іздеуге көмектеседі.
Еске салайық, Қарағандыда УЕФА стандарттарына сәйкес заманауи стадион, жыл бойы жаттығуға арналған футбол манежін салу жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл обоыс орталығында бас стадионды және өңірдің бірқатар қалаларындағы стадиондарды жаңғырту жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке келгенін жазған болатынбыз.