Футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке келді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Камара Собрал (Какау) Біріккен Араб Әмірлігі құрамасының тізгінін ұстады.

Футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке келді
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Какау 2013-2018 жылдарда Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайрат» командасының бас бапкері болды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 2016 жылы Еуропа чемпионатында қолаға қол созса, «Қайрат» УЕФА кубогын (2013, 2015) екі мәрте төбесіне көтерді. 

Қазақстаннан кейінгі қызметінде ол Кувейт құрамасымен Батыс Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

Бразилиялық маман румыниялық «Аутобергамо Дева» клубына бас бапкер болған кезеңде Румыния кубогының иегері атанды. Одан кейін Ирак құрамасы мен румыниялық «Юнайтед Галати» командасына жетекшілік етті.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайратқа» 2018 жылдан бастап Кака бас бапкер болса, 2023 жылдан бері ол тек ұлттық құрама тізгінін ұстап келеді.

Соңғы жаңалықтар