Ермахан Ыбырайымов Головкинге кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сиднейдегі олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов қазақстандық Геннадий Головкиннің алдағы мансабы жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ермахан Ыбырайымов  Головкинге кеңес берді

«Геннадий - кемеліне жеткен боксшы. Алдағы  Сауль Альвареспен болатын жекпе-жектен кейін оған кәсіби мансабын тоқтату керек деп есептеймін. Чемпион болып кету керек. Ал болашақта ол толықтай бизнеспен айналыса алады», - деді Ыбырайымов.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.