Ермек Әмірғалиев Жетісу облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әмірғалиев Ермек Еркенұлы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Әмірғалиев Ермек
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Әмірғалиев Ермек Еркенұлы 1981 жылы туған. Білімі жоғары. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы болып бастады. Кейін Алматы облысының қаржы басқармасының жетекші маманы, облыстық құрылыс басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

2022 жылғы қарашадан Жетісу облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар