Ермек Исабаев Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Ермек Исабаев тағайындалды.

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы
Фото: Абай облысының әкімдігі

Ермек Ережепұлы 1985 жылы 17 сәуір күні Абай облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.

2003-2006 жылдары Семей көпсалалы колледжі, 2011-2014 жылдары Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің (Alikhan Bokeikhan University) «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Байуақов ТВК-6» телеарнасында бастап, әр жылдары «Семей таңы» газеті, «Semei» телеарнасы, «Amanat» партиясының Семей қалалық сайлауалды штабында жұмыс істеді.

2017 жылдың қараша айынан 2024 жылдың сәуіріне дейін Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Қазақстан Журналистер Одағы мен Халықаралық Журналистер Одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

Соңғы жаңалықтар