Ермек Маржықпаев Бейжіңде сәбидің тұсауын кесті

Бейжің
Фото: Күнсұлтан Отарбай

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Бейжіңде қазақ дәстүрі бойынша сәбидің тұсауын кесті. 

Бүгін Бейжіңде Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының ресми ашылу салтанаты өтіп жатыр. Осы орайда Туризм және спорт министірі Ермек Маржықпаев қазақы салт бойынша сәбидің тұсауын кесіп, қолөнершілердің дайындаған ұлттық бұйымдармен танысып, Наурыз көжеден дәм татты.

Бейжіңдегі іс-шара
Фото, видео: Мұхтар Қалимоллаұлы

Сондай-ақ форумға қатысушылар үшін бірегей көрме де ұйымдастырылды. Онда қонақтар Қазақстанның барлық 17 аймағының көрікті жерлерімен танысып жатыр.

Форум соңында қазақстандық және қытайлық тараптар арасында бірқатар меморандумға қол қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, ертең, 29 наурызда қонақтарды Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанаты, мәдени бағдарламасы бар этноауыл, сондай-ақ көрнекті әртістердің қатысуымен өтетін гала-концерт күтуде. 

Айта кетейік, осыған дейін Қытайда Қазақстанның туризм жылы ресми түрде басталғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар