Ермұхамед Мәулен Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы тағайындалды. Бұл қызметке танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияға сілтеме жасап.

Ермұхамед Мәулен Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Е. Мәулен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары Qazsport арнасының редакторы болған. Сол қызметті атқара жүріп 2014 жылы Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатында оқиға орнынан қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет репортаж жүргізген.

Ол 2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері қызметін атқарды. Өткен жылдан бері Qazsport телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметіне кірісті.