Ернат Бәзіл Жетісу облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Photo: gov.kz

Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл

1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрлысшы инженер, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында «Базис-А корпорациясы» ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған.

Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде істеді.

Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың тамыз айынан Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

Хроника

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Жеңіс Шылбыұлы Тұяқов басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.


Соңғы жаңалықтар