Ертең Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдайды

Терминал Алматы
Фото: Ақорда

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық әуежайының Корпоративтік коммуникациялар департаменті жаңа терминал ертең іске қосылатынын хабарлады.

- Жаңа халықаралық терминалды іске қосудың бастапқы мерзімі 2024 жылы жаздың соңына жоспарланған болатын. Бірақ жолаушылар ағыны тез өсуіне байланысты және жолаушыларға барынша жайлы болуы үшін барлық жұмыстар жеделдетілді. Жаңа терминал алғашқы рейстерді 1 маусым күні қабылдайды, – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ департамент мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы 4 айында әуежай 3,3 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келгенін жазған едік

Сондай-ақ Президент Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралағанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар