14:41, 21 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Ертең «Алтын доп» иегері анықталады
АСТАНА. KAZINFORM - Ертең, 22 қыркүйекте France Football журналының ұйымдастыруымен 69 мәрте әлемнің үздік футболшысы марапатын табыс ету рәсімі өтеді.

Бұл марапат төртінші мәрте жыл қорытындысына емес футбол маусымының нәтижесі бойынша өтеді. Онда 2014 жылдың 1 тамызы мен 2025 жылдың 25 шілдесі аралығындағы футболшылардың көрсеткіші есепке алынады.
Оған спорт журналистері дауыс бере алады. Олар 10 спортшыны таңдайды. Бұл тізімдегі бірінші жол ойыншыға 15 ұпай, екіншісі — 12, үшіншісі — 10 ұпай береді. Содан кейін футболшылар сегізден бір ұпайға дейін алады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы «Алтын допқа» қол жеткізеді.
Оған басты үміткерлер қатарында алғашқы бестікте Джуд Беллингем, Вирджил ван Дейк, Винисиус Жуниор, Флориан Вирц, Витинья тұр.