Ертең «Астана - Бурабай» автобанның ақылы жүйесі толығымен іске қосылады

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 31 мамыр күні таңғы уақыттан бастап «Астана - Бурабай» автобанының ақылы жүйесі толығымен іске қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автожолдар комитетінің төрағасы Замир Сағынов мәлім етті.
None
None

Ақылы жолдың ашылуына орай бүгін Астанадан шығар тұста орнатылған ақылы жүйенің таныстырылымы болды. Комитет төрағасы З. Сағынов атап көрсеткендей, елордадан Бурабайға дейінгі жол үшін жеңіл автокөлік иелері 200 теңге, яғни 1 шақырымға 1 теңгеден төлейтін болады.

Автобустар орындардың саны қарай 5-10 теңге, ад жүк машиналары салмағына орай 5-20 теңгеге дейін ақы төлейтін болады. Мотоциклдер үшін жол ақысыз болады. Сондай-ақ, құтқару қызметі, жедел жәрдем, құқық қорғау және жол жөндеу техникалары үшін ақы төлеу қарастырылмаған. Елді мекендерде тіркелген автомобильдер 50 пайыздық жеңілдікпен жүре алады.

Астана - Бурабай автобанында ақы төлеудің аралас жүйесі енгізілген. Автокөлік иелері терминал арқылы қолма-қол ақша, банк карталары немесе арнайы транспондерлер арқылы ақы төлей алады. Терминалдардан қайтарым ақшаны беретін арнайы кассеталар бар.

«Жалпы Астана - Бурабай автобаны іске қосылғаннан бері жол-көлік апаттарының саны 4,5 есеге азайды. Ал, адам өлімі 22 есеге қысқарды», - деді З. Сағынов.

Соңғы жаңалықтар