Ертең Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — 24 ақпанда қалада аяз күшейеді, осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын оқушылар онлайн оқуға көшірілді, деп хабарлайды елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 Буран зима боран қыс метель люди адамдар отмена занятий в школах мектептердегі сабақтарды тоқтату
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— 2026 жылғы 24 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар ертең Солтүстік Қазақстан облысында минус 30 градусқа дейін қатты аяз болады. Сондықтан 1-11 (кейбір жағдайда 12) сынып оқушыларына сабақ болмайды, яғни оқушылар онлайн форматта білім алады.

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері 40 градус аяз болатынын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум