Астанада Demo Day шарасы өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырады.
2024 жылғы 11 қарашада Қорғаныс министрлігінің цифрлық трансформациясы аясында жобалар мен өнімдер көрсетілетін Digital Army Day шарасы өтеді.
— Қазіргі уақытта қорғаныс секторының цифрландырылуы әскерді басқару жүйелерін автоматтандыру, ресурстарды басқару жүйелерін автоматтандыру бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Министрлік процестерді оңтайландырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуде. 17 жастан бастап әскери міндеттілердің өмірлік циклі толығымен автоматтандырылған, — делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін елімізде IT-саласы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтіп жатқаны хабарланды.
Сондай-ақ, Цифрлық даму министрі +7 кодын қалдырудың себебін айтқан болатын.