Ертең Астанада ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі ұлттық сарапшылардың баспасөз мәслихаты өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Ертең Астанадағы ұлттық баспасөз клубында 2008 жылы ҚР Парламенті депутаттары тобы бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы бойынша ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған Қазақстан
None
None
ұлттық сарапшыларының баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан ЕҚЫҰ мүшесі және 2010 жылы осы Ұйымға төрағалықты қабылдап алуға ниеттеніп отырғанын ескере отырып, заң жобасы ЕҚЫҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі демократиялық институттар бюросына құжаттың адам құқықтарын сақтау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкестігіне сараптама жасау үшін ресми түрде берілді. Оның нәтижелері бойынша Қазақстанда екі кездесу өтті, оған ЕҚЫҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі демократиялық институттары бюросының АҚШ-тағы, Ресейдегі, Қазақстандағы сарапшылары қатысты. Баспасөз мәслихатында Қазақстан мен ЕҚЫҰ сарапшылары өзара пікір алысады. Заң жобасы сегіз ай бойы талқыланып, үш рет ҚР Үкіметінің оң қорытындысына ие болды. Өткен жылғы қарашада Қазақстан Парламенті жобаны бірауыздан дерлік қолдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жіберді. Мемлекет басшысының атына арнайы жолдауында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстандағы Орыс православ шіркеуі заң жобасына және ел Президентінің дін саласындағы саясатына қолдау білдірді. Айта кетейік, қаңтардың 12-сінде Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев «Қырғыз Республикасындағы діни сенім бостандығы және діни ұйымдар туралы» Заңға қол қойды, ол діни ұйымдарға қатысты реттеу шараларын көздейді.
Соңғы жаңалықтар