19:02, 15 Қаңтар 2026 | GMT +5
Ертең астаналық оқушылар мен студенттер тағы онлайн оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада аяз басылмай тұр. Астаналық оқушылар бірнеше күннен бері қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
— 2026 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын еліміздің бірқатар өңірі қашықтан оқыту форматына көшкенін жазған едік. Оның ішінде СҚО, Атырау, Павлодар, Ақтөбе облыстары бар.