Ертең Атырауға дрондар гуманитарлық жүкті жеткізеді

Дрон
Фото: pyxabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанға автономды дрондар жеткізілді, ертеңнен бастап олардың көмегімен су басқан өңірлерге заттар мен тауарлар жіберілмек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтен мәлім етті.

«Америкалық стартап ARC Drones негізін қалаушылар Әлібек Елтай және Әсел Тұрсын еліміздегі су тасқынымен күресте көмекке автономды дрондарды ұсынды. Дрондар медициналық қажеттіліктерді, гуманитарлық көмекті, азық-түлік және басқа да қажетті тауарларды шалғай аймақтарға жеткізеді. Қазақстанға дрондар бүгін әкелінеді, ал ертең Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе Атырау қаласында жүкті жеткізуді жоспарлап отыр», - деді Альбина Әтен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, Astana Hub су тасқынын басқару бойынша 30-дан астам инновациялық шешімдерді жинақтап, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарауға ұсынды.

Еске сала кетейік, су тасқынына ұшыраған өңірлерге гуманитарлық көмекті дрондар арқылы жеткізілетіні туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар