10:47, 07 Ақпан 2009 | GMT +5
Ертең Атырауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында төртінші турдың ойындары басталады
ОРАЛ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ертең Атырауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты төртінші турының ойындары басталады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үш турдан кейін «Алматы» 23 ұпаймен көш бастаса, одан бір-ақ ұпайы кем «Атырау» екінші, 17 ұпайды еншілеген «Қазхром» (Хромтау) үшінші орында келеді. Ал Оралдың «Конденсаты» 14 ұпаймен Петропавлдың «Есілімен» төртінші, бесінші орындарды бөлісіп тұр.
Атыраудағы тур ақпанның 14-іне дейін созылмақ. Одан кейінгі бесінші тур ойындары наурыздың 5-11-інде Оралда өтеді. Биылғы чемпионат ережесі бойынша алдыңғы төрт орынды алған командалар плей-офф сындарына қатысады.