Ертең Атыраудың кейбір бөлігінде электр қуаты тағы өшіріледі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Ертең Атыраудың кейбір бөлігінде кешке дейін электр қуаты тағы өшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ертең, 5 шілдеде мұнайлы шаһардың 5 шағынауданы мен 3 елді мекенінде электр жарығы болмайды.
«Электр желісінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Атырау Жарық» АҚ-ның қалалық электр жүйелері күрделі жөндеуді қауіпсіз мақсатта жүргізуді көздеп отыр. Осыған байланысты Дамбы ауылында сағат 10:00-14:00 аралығында жарық өшіріледі. Осыған байланысты №1, Наурыз, Қабышев, Көкарна, Новая, Махмуд, Р.Мырзағалиев, М.Арыстанов, Махамбет, М.Досмағамбетов, Жангелдин және Абай көшелесіне жарық берілмейді», -деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.
Ал, сағат 10:00-ден 17:00-ге Еркінқала ауылындағы Есқалиев көшесіне, сағат 17:30-ға дейін Самал шағынауданындағы жеке тұрғын үй секторына жарық беру уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, сағат 14:00-17:00 аралығында Вокзал маңы-3а шағынауданындағы 15а, 16а, 19а, 52а мекенжайындағы тұрғын үйлерде жарық өшіріледі.
Таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Жұмыскер, Өркен, Рембаза шағынаудандарындағы 23 және Ракуш ауылындағы 1 көшеге жарық берілмейді.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудың 25 көшесінде күні бойы электр қуаты болмайтынын
хабарлаған едік.
Кеше Атырауда бірнеше шағын ауданда жарық сөніп қалғанын жазған болатынбыз.
Кейін атыраулықтар неліктен жарықсыз қалғаны туралы айтылды.