13:20, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Ертең Е. Ыдырысовтың Қытайға сапары басталады
АСТАНА ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Ертең, 18 наурызда еліміздің сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысовтың ҚХР-ға сапары басталады. Сапар барысында екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты ықпалдастық мәселелері, аймақтық аспектілер, сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі ықпалдастық мәселелері талқыланады». - деді ОКҚ өкілі.