Ертең еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн 42 градусқа дейін ысиды
13 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 шілде күні Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күн күркіреген кезде екпіні 15-20 м/с жетеді. Конаев пен Алматыда 13 шілдеде күндіз найзағай ойнайды.
13 шілде күні күндіз Атырау облысының басым бөлігінде 35-39 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градусқа жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 37-39 градус ыстық.
13 шілде күні Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
13 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні күн күркіреген кезде 15-20 м/с жетеді, облыстың басым бөлігінде 35-39 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус ыстық болады деп болжанды.
Оралда күндіз 38 градус ыстық болады.
13 шілдеде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с.
13 шілдеде күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде ауа температурасы 36 градусқа дейін жетеді. Батыста, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.