21:33, 22 Желтоқсан 2022 | GMT +5
Ертең елордадағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең елордада І ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

«23 желтоқсанда ауа температурасының төмендеуіне байланысты І ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі», - делінген хабарламада.