Ертең қай өңірде оқушылар қашықтан білім алады

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде бірнеше күннен бері аяз күшейіп, оқушылар онлайн форматта оқып жатыр. Ертең олардың қатарына студенттер де қосылады. Себебі кей облыста -41 градусқа дейін аяз қысады.

Учеников 0-6 классов второй смены Астаны перевели на онлайн
Фото: Астана білім басқармасы

Астана қаласы:

27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына ( ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Павлодар облысы:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (аяз) 27 ақпанда Павлодар облысында бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары, сондай-ақ 1-2-курс студенттері (9-сынып базасы негізінде) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Абай облысы:

Семей қаласының мектептерінде 2026 жылғы 26 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждің l,ll курстың окушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Шығыс Қазақстан облысы:

Ертең Өскемен қаласында қатты аязға байланысты (-41) 1-2 ауысымдағы 0-11 сыныптар қашықтан оқытуға көшіріледі. 

Бұдан бұрын бүгін сағат 22:00-ден бастап ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-35°C) бес облыста жолаушылар рейстік автобустары мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер қозғалысына шектеу енгізілетіні айтылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум